«Бұған бұрын мән бермеуші едік». Мусин 2ГИС, Яндекс қосымшаларына қазақ тілін енгізуді енді талап ете бастады

Dalanews 27 мая 2022 02:07 1096

Бұдан былай елімізде қолданылатын мобильді қосымшалардан қазақ тілінде қызмет көрсету талап етілмек.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

– Бұған бұрын мән бермеуші едік. Тек қана мемлекеттік органдардың сайттарына, порталдарына назар аударып келдік. Оларды мәжбүрлеп, қазақ тіліне аударттық. Бірақ олардың да сапасы төмен. Қазір жақсартып жатырмыз. Оларға талап қойылды, жұмыс жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді министр Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуде.

Мусиннің айтуынша, Facebook сынды жекеменшік сервистерден қазақ тілінде жұмыс істеуін талап ете алмайды. Егер қазақ тілінің жоқтығына байланысты сервисті елде жауып тастаса, тұрғындар наразы болуы мүмкін.


– Бұл – нарық. Сондықтан осы сатыда қазір Америкаға бармай-ақ қояйық, жанымыздағы сервистер – 2ГИС, Яндекс болсын, соларға шығып, осындай талаптарды қойып жатырмыз. «Біздің экономикада жұмыс істегіңіз келсе, онда қазақ тілін енгізесіз» деген талап қоямыз. Сондай ұсыныстарды талқылаудамыз, – деді министр.

Рекомендовать
Последние новости