Үкімет неліктен балаларға уәде еткен 160 доллардың орнына 100 доллар ғана түсірген?

Сағыныш Сардарова 01 февр. 2024 12:57 7084


Кеше балаларға Ұлттық қордан ақша түсе бастады. 7 миллионға жуық балаға 100,52 доллардан түскен. Алайда Үкімет бұған дейін балаларға шамамен 150-160 доллардан түседі деп уәде берген болатын, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков кулуарда журналистерге неліктен бұлай болғанын түсіндірді.



"Біздің есептегеніміз бойынша 160 доллар түсуі керек болған. 2022 жылғы 1 қарашада Президент тапсырма берген болатын. Сол кездегі есепке сәйкес, балалар саны 6 миллион 400 мың еді. Бүгінде балалар саны 6 миллион 917 мыңға жетті. Сол есеп бойынша жалпы 695 миллион доллар (бағдарламаға) бөлінген. Бұл соманы 6 миллион 919 мың 131 балаға бөлсек 100 доллар 51 центтен болмақ", - дейді вице-министр.



Темірбеков шотына 100 доллардай түскен 18 жастағы қазақстандықтарға оны депозитке салып, тұрғын үйге немесе оқуға жұмсауды ұсынды.



Рекомендовать
Последние новости