Әшімбаев балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне жауап берді

Қаракөз Амантай 01 февр. 2024 13:11 1556


Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстан мектептерінде балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның күрделі мәселелерінің бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Журналистер Мәулен Әшімбаевтан Қазақстан мектептеріндегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың қазіргі жағдайына байланысты пікір білдіруін сұрады.



“Бұл мәселе өте жүйелі әрі ауқымды тақырып... Менің ойымша, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың бұл тенденциясы жалпы біздің қоғамның әлеуметтік мәселелерін көрсетеді. Мәселен, теңсіздікке байланысты проблемалар, кейбір отбасылар мен балалардың қаржылық жағдайының төмен болуы әсер етеді”, - деп жауап берді сенат спикері.



Әшімбаев мәселенің тағы бір тұсын сапалы білім беру жүйесінің жоқ болуымен де байланыстырды.



“Бұл бізде тиімді тәрбие жүйесінің жоқтығынан туындап жатыр. Яғни, біз процесс барысында бір нәрсені жоғалтып, жаңа ештеңе жасай алмай жатырмыз” - дейді Мәулен Әшімбаев.



Сонымен қатар сенат спикері қазіргі жағдайда белгілі дәрежеде білім беру жүйесінің тиімсіздігін және мұғалімдер біліктілігінің жетіспеушілігін алға тартты. Осы тұста ол Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін кешенді тәсіл қажет екенін жеткізді.



Рекомендовать
Последние новости