"Чукча!" Ресейлік бапкер қазақ төрешілеріне тіл тигізді

Азамат Қойшығара 01 февр. 2024 12:42 13855


Қостанай қаласында Қазақстан мен Ресей футбол командалары арасында өткен матчта шу шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Медиа футбол лигасы аясындағы SD Family және 2Drots командалары арасындағы кездесуде туындаған жанжалдың бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап, көпшіліктің назарын аударды.


Видеодан Ресей құрамасының бапкері Дмитрий Кузнецовтің қазақ төрешісінің шешіміне көңілі толмай,балағаттай жөнелгенін аңғаруға болады. 



«Бізге не көрсетіп тұрсың? Бетпе-бет келіп,көрсетіп бер. Сен бәрібір ешкім емессің Чукча!», - деген ресейлік жаттықтырушы.



Мұндай жағымсыз сөздер жаттықтырушы көмекшілерінің намысына тиіп, наразылығын тудырған. Олардың бірі судьяны қорлауды тоқтатуды талап етсе, екіншісі ұлтқа тиіспеуді сұрайды.


Видео әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсіп жатыр. Жанкүйерлер ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін ресейлік бапкерлерді жауапқа тартуға шақырды.


 


 



Рекомендовать
Последние новости