Үкімет декретке миллионмен шығудың жолын кеседі

Сағыныш Сардарова 31 мар. 2025 18:25 2532

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «декретке миллионмен» шығу мүмкіндігін алып тастайды. Яғни жүктілік пен босануға, сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдерді есептеу ережелеріне өзгерістер енгізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz "Курсив" басылымына сілтеп.

Министрлік мұндай қадамға ел арасында «декретке миллионмен» деп аталып кеткен тәсіл, яғни көбірек төлем алу үшін табысын арттыру жағдайларының жиілеп кетуінен кейін барған. Жаңа ереже 8 сәуірден бастап күшіне енеді.

Мынадай өзгерістер болмақ:

1. Бала күтімі бойынша біржолғы төлем (халық арасында – декреттік төлем аталып кеткен сома). Бұрын әйелдің бірнеше жұмысы болса (мысалы, екі қызметтік жұмыс және жеке кәсіпкерлігі), әрқайсынан максималды төлем алуға мүмкіндігі бар еді. Енді жалпы сома 2 249 100 теңгеден аспауы керек.

Өйткені енді табысты есептегенде, 7 ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) дейінгі сома ғана ескеріледі. 2025 жылы бұл – айына 595 000 теңге. Егер табыс одан жоғары болса немесе бірнеше жұмысы болса да, бәрібір ең көбі 595 мың теңге ретінде есептеледі.

2. 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне ай сайынғы төлемдер. Бұрын декреттік демалысқа шыққаннан кейін, кейбір әйелдер аударымдарын жалғастырып, төлем мөлшерін арттыру мүмкіндігін қолданатын. Енді бұл әдіс істемейді, қосымша аударымдар есепке алынбайды.


Рекомендовать
Последние новости