Түркістанның кірпішіне сұраныс жоғары

Dalanews 20 дек. 2018 04:57 943

Күйдірілген кірпіш өндірісі облыстың басқа аймақтарында да бар. Бірақ Түркістанның кірпішінің жөні бөлек.

Түркістанның кірпішіне  сұраныс жоғары. Қаласының аумағында  қазір  жылына 22 млн. дана кірпіш шығарылады. Бұл қажетті деңгейден екі еседей аз. Қалада құрылыс қарқыны жоғары.  Жыл сайын шамамен 40 млн. дана кірпіш қажет.

Республикадағы құрылысшылар  Түркістандағы   кірпіш өндірісіне қажетті шикізаттың сапасы жоғары екеніне айтады. Көне қаладағы Қожа Ахмет Ясауидың кесенесін  саларда  Ақсақ Темірдің  біраз жердің топырағынан кірпіш құйдырып, оларды сынақтан өткізіпті. Кірпіштің сапасын оның беріктігіне, ауа райының тосын жағдайларына төзімділігіне, мысалы, су мен қарға төзімділігіне қарапты. Сонда  Түркістанның топырағынан құйылған  кірпіш жоғары баға алыпты. Кесенінің кірпіштерін Түркістанда құйдырыпты.  Сол кесене арада ондаған ғасыр өтсе де баяғы күйінде тұр.

Түркістанмен көршілес облыстар мен аудан, қалалардан  келген  тұтынушылар да Түркістанның кірпіш зауыттарына тапсырыс береді.  Кәсіпкерлердің Түркістан топырағынан өндірілген  кірпішерге құмарлығы осыдан. Көне қаладағы кірпіш зауыттарының өніміне тапсырыс жоғары болуының негізгі сыры осында.

Қала басшылығы «Түркістандағы индустриялық аймақтың  жалпы аумағы 40 гектар» деді.  Аймаққа  автомабиль жолы, темір жол салынған.  Электр қуаты жеткізілген.  Ауыз  су, техникалық су, жүйелері тартылған. Егерде аймақта салынатын кәсіпорындар көбейген жағдайда  оның көлемін ұлғайтуға да мүмкіндік мол.

-Түркістан қаласындағы индустриалдық аймақта өндірілген өнімді сыртқа тасымалдау  да оңай. Түркістан тоғыз жолдың торабында тұр.  «Алматы-Мәскеу»  темір жолы, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізі рухани астана  арқылы өтеді. Логистикалық мүмкіндігі мол болғандықтан  салатын жаңа кәсіпорынды біздегі индустриалды аймақта орналастыруға ниет білдірген  инвесторлар көп, -дейді қала басшылығы.

 

Рекомендовать
Последние новости