Түркістанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қандай жұмыс атқарылды?

Dalanews 01 нояб. 2018 05:00 730

Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың айтуынша жыл соңына дейін Түркістан облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 46 жоба мен 168 іс-шара өткізу жоспарланған. 

Сонымен қатар, облыс әкімі  биыл «Туған жер» жобасы аясында Түркістан өңірінде кәсіпкерлердің қатысуымен  жалпы құны 28 млрд. теңгеден асатын 428 нысан салынып жатқанын айтты. Бүгінде оның 23-і іске қосылған.

Сондай-ақ, ұрпақты білімді, әрі рухани бай етіп тәрбиелеу бағытында өлкенің тарихын кеңінен тану, зерттеу мақсатында оқушыларға арналған «Өлкетану» оқулығы дайындалды. Одан бөлек, Түркістан қаласы бойынша тарихи-мәдени ескерткіштердің жинағы басылатын болады. Облыстағы айрықша маңызы бар тарихи-мәдени сәулеттік және археология ескерткіштерінің фотоальбомы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жасалынып, «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар жинағы»  мен «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жерлері»  кітабы жарық көрді.

Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ордабасы – бірліктің туы» атты аннимациялық фильмнің түсірілімі аяқталып отыр. Сондай-ақ, «Түркістан», «Оқсыз» аннимациялық фильмдері мен «Төле би» телесериалының түсірілім жұмыстары жүргізілуде.


Сондай-ақ, облыста ұмытыла бастаған салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту мақсатында және өңірдің туристік әлеуетін көтеру бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, өңірдің табиғи және географиялық ерекшеліктеріне қарай әрбір аудан қалада бір-бірден «Наурыз Қазығұрттан басталады», «Қызғалдақ фестивалі», «Қымызмұрындық», «KASKASU» суретшілер планэрі», «Агро fеst», «Safari Shardara» жобалары сәтті жүзеге асырылды. Алдағы уақытта «Қасқасуға қар түсті»,  «Қасқасу мен Біркөлік арасындағы шаңғы шаттығы» байқауы, «Тау самалы – жан самалы», «Салбурын – саятшылық мерекесі» және «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты іс-шараларын ұйымдастыру жоспарланған.

 

Рекомендовать
Последние новости