Мақтааралдың адами ресурсы ауданды алға жетелейді

Dalanews 13 нояб. 2018 04:59 704

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында 15 ірі өнеркәсіп нысаны жұмыс істеп тұр. Бұл кәсіпорындардың барлығы да аудан бюджетіне салық түсіріп, өңірді дамытуға үлкен серпін беруде.

Мақтаарал ауданында Ұлы Жібек жолының бір тармағы саналатын М-39 «Ташкент – Термез» бағытындағы магистраль дәлізі бар. Осы автомобиль жолының әлеуетін пайдаланып, өңірде сауда-саттықты жан-жақты дамытуға мол мүмкіндігіміз бар.

Мәселен, кезде халықаралық деңгейде қызмет көрсеткен «Бетонканың» бойындағы «Сапар» базарын қайтадан жанданып, аудандағы он мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отыр. Осының бәрін ескерсек, жаңа Мақтааралдың экономикалық даму мүмкіндігі жоғары деп айтуға әбден болады.

Мақтаарал ауданы жаңадан құрылғаннан кейін оны құрамына 131 781 тұрғыны бар, 69 елді мекен 2 кент, 9 ауылдық округке кіріп отырған жайы бар. Бұл аудардың бәрі ауыл шаруашылығы саласы бағытында жұмыс істеп, ауданның экономикалық әлеуетін көтеруге мүмкіндікке ие ауылдар десек болады. Бір сөзбен айтқанда Мақтаарал ауданын көтеріп, Түркістан облысында іргелі ауданға айналдыратын адами ресурс пен экономикалық әлеует жеткілікті.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости