Түркістанда біліктілігін арттырғысы келетін дәрігерлерге Түркияға жолдама берілмек

Dalanews 09 нояб. 2018 04:04 721

Түркістан өңірінде ақ халатты абзал жандардың еңбегі әрдайым ескеріліп отырады. Бұдан бұрын өңір басшысы Жансейіт Түймебаев еліміздің әлемдегі өркениетті 30 елдің қатарына қосылудағы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда сала қызметкерлерінің еңбегін айрықша атап өткен еді.


«Денсаулық сақтау саласында еңбек ететін қызметкерлердің саны жағынан ең көбі мейірбикелер болып табылады. Сондықтан да Сіздердің халық саулығына қосып жатқан үлестеріңіз орасан. Бүгінгі таңда өңіріміздегі 110 медициналық ұйымда медбикелермен қамтамасыз ету жағы 86,8 пайызды құрайды, бұл еліміз бойынша ең үлкен көрсеткіш.  Бүгінде өңірдегі медицина мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылуда», ‒ деген болатын өңір басшысы.


Айта кетсек қазірге облыстағы медициналық ұйымда 25 мыңнан астам орта буын қызметкерлері халыққа қызмет көрсетуде.


Халықтың денсаулығын сақтау сынды асыл міндет мемлекеттік саясаттың негізі болып отыр. Осы бағытта өткен жылы 4391 медицина қызметкер біліктілігін арттырып, тәжірибе жинақтады. Оның ішінде шет мемлекетке барғандар да бар.



Ал осы жылы сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Түркия мемлекетіне жолдама беріледі деп жоспарланып отыр.


Рекомендовать
Последние новости