Мақтааралда асфальт-бетон өндіру зауыты салынады

Dalanews 13 нояб. 2018 04:06 1088

Мақтаарал ауданының индустриалды аймағына грекиялық инвестор сағатына 200 тонна асфальт-бетон өндіретін зауыт салуды көздеп отыр. Аудандағы индустриалдық аймақта салынатын зауыттың жобалық құны 1 млн. долларды құрайды.

Бүгінде мемлекет тарапынан инвесторларға қолайлы жағдай жасалынып отырғаны белгілі. Инвесторлар Түркістан облысының экономикалық әлеуеті зор, тұрақты дамып келе жатқан өңір болғаннан кейін аймақты әдейі таңдап алған.

Мақатарал ауданындағы индустриалды аймақ – Орта Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерін байланыстыратын жолдардың қиылысында орналасқан. Сондықтан мұнда өндірген өнімді саудалау анау айтқандай қиындық туғызбайды. Облыста инвестиция тарту және инвесторларға бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсететін аймақтық даму институттары жұмыс жасайды. Институттар кәсіпкерлерге кеңес береді және қаржылық пен инфрақұрылымдық көмек көрсету ісін де жолға қойғанын айта кетуіміз керек.

Инвестор бұған дейін Мақтаарал ауданда мобильді асфальт зауытын іске қосып, Қызылқұм ауылдық округінде орналасқан инспекторлық жолдарға асфальт беріп келген. Шетелдік инвестордың Мақтаарал ауданында жұмыс істеу тәжіріибесі бар екенін ескерсек, алдағы уақытта бетон зауытының ісі алға басып кететіне сеніммен қарауға болады.

Рекомендовать
Последние новости