Түркістанда белсенді азаматтарға Елбасының Алғысхаты тапсырылды

Dalanews 28 янв. 2021 12:18 663

Бүгін Түркістан облысының аудан, қалаларында азаматтарды Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау іс-шарасы Түркістан қаласында да ұйымдастырылды. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев партияның жұмысына белсене атсалысып, ел бірлігін нығайтуға үлес қосқан азаматтардың еңбегіне тоқталды.

«Биыл елімізде аса жауапты сайлау өтті. Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат құрамы жаңа тұлғалармен толықты. Осы ретте елдің басым бөлігі өз таңдауын жасап, «Nur Otan» партиясына қолдау білдірді. Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың парияны қайта жаңғырту бағытындағы тапсырмасына сәйкес, өңірлерде ауқымды жұмыстар атқарылды. Түркістан облысында да партияны жаңғырту, оның жұмысын жандандыру бойынша бастамалар қолға алынды. Сайлаудың қорытындысымен облыста «Nur Otan» партиясы 81 пайыздан астам дауыс жинап, облыстық мәслихаттағы   45 мандаттың 37-ін жеңіп алды.  Бұл ортақ жеңіске Сіздердің де қосқан үлестеріңіз мол. Сіздер облыстық штаб құрамында күрделі әрі жауапты қызметті абыроймен атқардыңыздар. Міне, осы еңбектеріңіз ескеріліп, Еласы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаты тапсырылып жатыр. Баршаңызды осы марапатпен құттықтаймын! Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Осы мерейлі сәтті жемісті еңбекпен, сергек көңілмен қарсы аламыз деп сенемін», – деді Б.Тәжібаев.

Үгіт-насихат  кезеңінде партия үміткерлері 4000-ға жуық іс-шараға қатысып, 220 мыңдай үйді аралап шықты. Негізінен облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық корпусына кәсіпкерлер, білім, денсаулық сақтау,  өнеркәсіп саласы, үкіметтік емес ұйым,  БАҚ өкілдері және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері енді. Сонымен бірге 1 көпбалалы ана да мандатқа ие болды. Жалпы облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарды қосқанда облысымызда «Nur Otan» партиясы 263 мандатты иеленді. Түркістан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 60%-ке жаңарды. Орташа жасы – 47, яғни 4 жылға жасарды. «Nur Otan» фракциясының жаңа құрамының 30 пайызға жуығы әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.

Марапатқа ие болған партия белсенділері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдірді.

«Ел мүддесі жолында еңбек етуге, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысамыз», – дейді олар.



«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости