Түркістан қаласында «Есіктен – есікке» акциясы өтті

Dalanews 30 дек. 2020 16:33 1023

«Nur Otan» партиясы бойынша Түркістан қаласының мәслихат депутаттығына үміткер-кандидат Алтынбек Тұрлыбиұлы бүгін «Jas Otan» мүшелерімен бірге қаладағы Мұстафа Шоқай, Тараз, Кәрменов, Сатыбалды көшелерінің тұрғындарына «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Акцияның ерекшелігі де сонда қала тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелер айтып, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру болып табылады.

Үміткер кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– Бүгінде осы жастар ұйымы «Nur Otan» сенімді ізбасары болып жүр. Осылайша, бастапқы кезде-ақ біздің партиямыз мемлекеттіліктің нығаюына, қоғамның бірігуіне және азаматтардың мүддесін қорғауға қызмет ететін саяси күш екенін дәлелдеп берді. Көпшілікті береке-бірлікке, ынтымаққа үндеп, бұл ұғымдардың көп этносты Қазақстан үшін қашан да маңызды  екенін көңіл бөлді. Қазіргі таңда соның жемісін бүкіл қазақстандықтар көріп отыр, – деді  Алтынбек Тұрлыбиұлы.

«Есіктен-есікке» акциясы кезінде үміткер-кандидат «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылады.

Алдағы сайлаудың партиялық тізім бойынша өткелі отырғандығы, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері негізінде партияның әрбір аудан, облыс бойынша жеке-жеке сайлауалды бағдарламалары дайындалғаны жайында әңгіме өзегіне айналды.

(Материал ақысы Түркістан қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді)

 

Рекомендовать
Последние новости