Досхан Жолжақсынов: «Халық сайлауға белсене қатысуда»

Dalanews 10 янв. 2021 09:28 873

Кинорежиссер, Қазақстан халық әртісі Досхан Жолжақсынов ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, азаматтық таңдауын жасады.

Танымал актердің айтуынша, барлық партия халықпен белсенді жұмыс істеген. Ендігі кезекте депутат боп сайланатын тұлғалардың уәдесінде тұрғаны маңызды.

– Қазір әр азамат қай партияның бағдарламасы көңіліне жақты, кімнің жоспары ұнады – соған дауыс беруі керек. Бұл орайда халық өте белсенді. Себебі, соңғы уақытта халықтың саяси сауаты да ашылып келеді. Олар кімге дауыс беріп жатқанын жақсы біледі. Сайлауға келіп дауыс беру – әр азаматтың борышы, – деді ол.


Кинорежиссер сайлау процесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. «Сайлау учаскелерінде карантин нормаларының сақталуына үлкен мән берілген. Мемлекет азаматтардың қауіпсіздігіне баса назар қойып отыр. Адамдар да сондай жауапкершілік танытуы керек. Сайлауға барар кезде масканы ұмытпау керек», – деді Досхан Жолжақсынов.

Рекомендовать
Последние новости