Түркістан облысының тауар айналымы 75,5 млн. долларды құрады

Dalanews 24 дек. 2018 03:22 862

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының тартқан хабарынша Түркістан облысындағы тауар айналымы 75,5 млн. АҚШ долларды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда немесе 16%-ға ұлғайып отыр.

Бұл ретте, 2018 жылы 11 айға департаментпен бекітілген жоспар 14 млрд. 301 млн. теңге болса, нақты түсім 14 млрд. 451 млн. теңгені құраған. Яғни, жоспар 101% орындалды деп нық сеніммен айтуға болады.

Департаменттің қызмет ету аймағында Еуразиялық экономикалық одақтық кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен тұлғаларға қатысты 514 әкімшілік іс қозғалған.

Одан басқа, 33 фактібойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде, 31 факті бойынша есірткі заттарды (гашиш, каннабис, марихуанна) тасымалдауға қатысты, 1 факті медициналық препараттар бойынша және 1 факті бойынша экономикалық контрабандаға қатысты қылмыстық істер қозғалған.

Айта кететін жағдай, 2018 жылдың 21 қарашасында Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына бағытталған теміржол вагонына қатысты уәкілетті лауазымды тұлғаның күдігі бойынша кедендік жете тексеру тағайындалып, нәтижесінде кедендік декларацияда ұсынылған тауарлардан басқа артық брутто салмағы 35 229 келі, кедендік құны 12 260 710 теңге құрайтын кептірілген өнімдер тауары бойынша құқық бұзушылық анықталған.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 11 желтоқсанында яғни кеше, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына бағытталған екі жүк вагонына қатысты тексеру барысында декларацияланбаған яғни, 90 830 келі құрайтын жеміс дақылдары тауарына құқық бұзушылық анықталды. Алдын ала есеп бойынша тауардың құны 27 032216,8 тенге құрады.

Қазіргі таңда, жоғарыда аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілік шаралар қолдану жұмыстары жүргізілуде.

Рекомендовать
Последние новости