Биыл Түркістан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті табысты жұмыс істеді

Dalanews 13 дек. 2018 03:02 705

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №172 Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып ауыстырылып, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті құрылды.

Департаменттің  негізгі міндеті экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Департаменттің құрамына алты шекаралық, екі ішкі кеден бекеті қызмет атқарады.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 11 айлық қорытындысы бойынша бірқатар жетістікке қол жеткізді. Департаментке қарасты кеден бекеттерінен 14 539 тауарларға арналған құжат ресімделген. Атақырылған жұмыстың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда 2 036 тауарларға арналған құжат артығымен рәсімбеліп, өсім 16,2%-ды құраған. Департаменттің кеден бекеттері арқылы негізінен 174 865 жүк автокөлік құралдары (201 7ж. 11 айы – 106 801 көлік құралы) өтіп көрсеткіш  63,7%-ға өскен. Оның ішінде Қазақстанның 84 586 көлік құралы тіркеліп, көрсеткіш 59,2%-ға артқан (2017 ж. 11 айы – 53 120 көлік құралы). Ал жеңіл автокөлік құралдары бойынша 244 310 бірлік тіркеліп, өсім 346%-ды құрады.

Рекомендовать
Последние новости