Түркістан облысында Елбасы Жолдауы негізінде жалақы көтерілді

Dalanews 26 нояб. 2018 15:38 827

Түркістан облыстары бойынша кәсіподақтар орталығы кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларымен Елбасының Жолдауы бойынша кездесулер мен жиындар өткізіп, жұмыс берушілердің жұмыскерлер айлығын көтеру бойынша талқылаулар мен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Елбасының Жолдауына қолдау көрсеткен мына төмендегі мекемелер алғашқылардың қатарына еніп отыр.

Олар – Сарыағаш ауданындағы «Гүлжан» ЖШС балабақшасындағы 31 қызметкердің және «Балшекер» ЖШС балабақшасындағы 19 қызметкердің, жалпы 49 қызметкердің айлық жалақысын 2018 жылғы 1 қарашадан бастап 35%-ке көтерсе, ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15%-ке көбейтетін болды.

«Манкент шипажайы» АҚ-ы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8-10%-ке көбейтетін болды. Жалпы жұмыскер саны 224 адам, бүгінгі күнге ең төменгі айлық 94500 теңге болса, ол жаңа жылда 102000 теңгені құрамақ және орташа айлық 116900 теңгені құрайтын болады. «ВИЗиТ» алкогольсіз сусын шығару зауыты 179 жұмыскер-дің жалақысын 10% -ға көтеріп, зауыттағы ең төменгі жалақы 44000 теңгені, ал орташа жалақы 50000 теңгені құрады. "Алтын дән" ЖШС-і өз қызметкерлерінің жалақысын 25% -ға көтеріп, ең төменгі жалақы көлемін 70000 теңгеге жеткізді. "Химфарм" АҚ- ы жалақыны 8%-ға көтеріп, орташа жалақы көлемін 190000 теңгеге жеткізді. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости