Түркістан облысында медиация жұмысы қарқынды дамуда

Dalanews 27 нояб. 2018 15:44 940

Түркістан облыстық соты, Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығы бірлесе Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының үйінде Қоғамдық медиация институтын дамыту бойынша облыстық семинар-кеңесін өткізді.

Семинар кеңесте Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетов, «Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Әділжан Датқаев, Түркістан облыстық сотының судьясы Бауыржан Тәңірбердиев баяндама жасады.

Жарыссөзде «Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Серік Әуесханов кәсіподақтар бірлестігі жанынан ашылған «Татуласу орталығының» жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Аталған орталықта 7 кәсіби медиатор кезекшілікпен жұмыс атқарып келеді. Бүгінге дейін орталыққа 27 азамат келсе, оның 10-ы бітімгершілікпен, медиациялық процеспен сәтті аяқталып, 17-не түсініктеме, кеңестер берілген. Сонымен бірге, кәсіподақтар ұйымдарымен 154 еңбек даулары қаралып, шешілгенін айтты.

Семинар-кеңес кезінде аудандардан, оның ішінде ауыл округтерінен келген қоғамдық негіздегі немесе кәсіби емес медиаторлар мен кәсіби медиаторлар тарапынан жұмысты жақсарту бағытындағы және заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құнды ұсыныстарын берді.

Сондай-ақ, медиация институтының жағдайы мен даму мәселелері сөз болып, Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация құрылымының мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институтымен өзара іс-қимылының негізгі тетіктері мен қоғамдық медиаторлар мен билердің жұмысын жандандыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар тарапынан тұрақты түрде өңірдің барлық аудандарында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат беріліп, ашық есік күндерін өткізу, ел азаматтарына арналған медиация бойынша семинар-тренингтерді жиі өткізу, сияқты бірқатар ұсыныстар айтылды.

Семинар соңында Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетов, Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшысының міндетін атқарушы Мадина Камеденова және «Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Серік Елемесұлы Әуесханов медиация жұмыстарын бірлесе жүргізу бойынша өзара тиімді ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости