Түркістан облысында автомобиль жолдарын тазарту жұмыстары қарқынды жүруде

Dalanews 20 янв. 2022 12:18 697

Түркістан облысындағы облыстық  маңызы  бар  автомобиль  жолдарын қардан  тазалау  және  тайғақты  жерлерге  құм-тұз  араласқан  инертті  заттар  себу  жұмыстары жүруде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 18-19 қаңтары күндері облыстағы жолдарға 933 750 шаршы метр инертті заттар себілген. Жалпы қысқы маусымға көктайғаққа қарсы 8 500 текше метр құм, 675 тонна инертті материалдар дайындалған. Жолдарды қыста күтіп ұстау жұмыстарына 354 жұмысшы, 125 бірлік арнайы техника жұмылдырылып отыр.

2021 жылдың 23 қарашасынан бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 321 шақырымы ақылы жүйеге енгізілген болатын. Ақылы жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Тараз» бағыттары бойынша - «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і, «Шымкент-Қызылорда» бағыты бойынша - «South Road» ЖШС-і жүргізуде. Қалған 402,1 шақырым автожол - «Қазақавтожол» ЖШС тиесілі.

Рекомендовать
Последние новости