Сағынтаев ковидтік стационарлардың КВИ-мен ауыратын науқастар санының өсуіне дайындығын тексерді

Dalanews 21 янв. 2022 11:02 901

Алматыда омикрон-штаммның таралуымен коронавирус инфекциясы дертінің өскені байқалады. Осыған байланысты қала әкімі жұмыс сапары барысында инфекциялық стационарлардың қосымша төсек-орындарды орналастыруға дайындығын тексерді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бақытжан Сағынтаев РВ-90 И.Жекенова атындағы Жұқпалы аурулар ауруханасының филиалына барды. Бүгінде мұнда КВИ-мен ауыратын 199 пациент бар, оның ішінде 21-і ЖИТБ-те. Стационардың жалпы қуаты – 500 төсек, оның ішінде 45 төсек реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде.

Қала әкімі сондай-ақ №№ 12 және 7 қалалық клиникалық ауруханаларда КВИ жұқтырған науқастарды қабылдауға дайындықпен танысты. Бас дәрігерлер ковид бөлімшелерінің жұмысы жалпы медициналық көмек көрсетумен қатар жүргізілетінін хабарлады.

20 қаңтардағы жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияның 2 057 жағдайы тіркелген, оның ішінде 1 866 симптомды жағдай. Инфекциялық стационарларда 1 350 пациент, оның ішінде 187 бала бар. ЖИТБ-те – 71 науқас.

Жалпы, ковидтік стационарлардың қуаты 9 340 төсек-орынды құрайды, оның ішінде 730 реанимациялық. Бүгінде 3 310 орын қолданыста, резервте 6 030 орын бар.

Бақытжан Сағынтаевқа ОҚКА базасында ашылған телемедицина орталығының жұмысы туралы баяндалды. ТМО мамандарының бақылауында 10 188 пациент бар. Бұл сан ағымдағы жылдың 1-20 қаңтар аралығында 20 есе өсті. Орташа алғанда, пациенттерге шамамен 5 мың қоңырау шалынады. 20 қаңтарда 8 458 қоңырау соғылды, оның барысында науқастың жағдайы сұралып, КВИ емдеу бойынша ұсынымдар беріледі.


Қала әкімі сондай-ақ №7 аурухана базасында орналасқан КВИ-ға қарсы вакциналардың қалалық қоймасына барды. Қоймадағы және егу пункттеріндегі I және II компонентті вакциналардың қалдығы «Синофарм» вакцинасының 207 733 дозасын, «КазВак» вакцинасының 176 349 дозасын, Pfizer 254 782 дозасын құрайды. Бақытжан Сағынтаев халықты КВИ-ге қарсы екпе алуға, сондай-ақ ревакцинациядан өтуге шақырды.

Өткен тәулікте бірінші компонентпен – 2 218 адам, екіншісімен – 1 978 адам вакциналанды. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап I компонентпен 1 095 040 адам, II компонентпен – 1 042 772 адам егілді. Егілгендердің жалпы санынан 60 жастан асқандар 123 885 адамды құрайды. Pfizer (Comirnaty) вакцинасын 35 909 адам алды, оның ішінде 1 953 жүкті, 7 652 бала емізетін әйел және 26 304 бала мен жасөспірім.



Сол күні Бақытжан Сағынтаев КВИ таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб отырысын өткізді. Ковидтік стационарлардың бас дәрігерлері пациенттерді қабылдау және емдеу динамикасы туралы баяндады. Балалар мен жүкті әйелдерді емдеуге ерекше көңіл бөлінеді. 1-20 қаңтар аралығында қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына КВИ бар 346 бала түсті. Инфекциялық бөлімшелерде 102 жүкті әйел бар.

Қала әкімі АМСК-тің, Телемедицина орталығының жұмысын күшейтуді және резервтік төсек-орындарды орналастыруға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан басқа, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік жөніндегі шараларды жалғастыру, сондай-ақ халықты вакцинациялау мен ревакцинациялауды жандандыру қажет. Бақытжан Сағынтаев ұжымдық иммунитетті қалыптастыру пандемияның кезекті толқынына қарсы тұрудың бірден-бір сенімді әдісі болып табылатынын атап өтті.


Қоғамдық-саяси өмірде орын алған жайттар жайында саралап айтып беретін сарапшылардың болуы маңызды. Қазақстанда қазақ және орыс тілінде сарапшылар тобы толықтай қалыптасты деп айтуға әлі ерте.

Жалпы білікті сарапшылар тобының қалыптасуына қандай жағдай әсер етеді?  Бұған біздіңше елдегі саяси оқиғалар, демокртиялық үрдістер әсер ететіні сөзсіз. Кеңес одағының шекпенінен шыққан Қазақстанда сарапшылық топтың қалыптасуына автократиялық режим кері ықпал еткені анық.

Рекомендовать
Последние новости