ШҚО-да бизнестің дамуы үшін шектеулер жұмсарды

Dalanews 21 янв. 2022 12:00 904

Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнестер үшін қатаң карантин шаралары шешілді, жекелей алғанда қоғамдық тамақтанатын орындарға қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шараларын қайта қарауды тапсырды, себебі тәжірибе көрсеткендей, COVID-19 жаңа штаммы барлық жерде таралады және қазақстандықтардың көбі онымен ауыруға мәжбүр болады.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шағын және орта бизнес өкілдерімен жиналыс өткізді. Конструктивті диалог барысында уақыт шектеуін алып тастау және мекеменің толтырылуы 50 пайыздан аспауын қалтыру туралы шешім қабылданды.

Бұл тек кафелер мен мейрамханаларға, түнгі клубтар мен караоке-барларға, бильярд және банкет залдарына ғана қатысты емес, сондай-ақ діни ұйымдарға да қатысты. Рәсімдерді өткізуге рұқсат берілді, тек діни нысандардың жартылай толтырылуымен.

Егер нақтырақ айтатын болсақ, банкет залдары үшін қатысушылардың саны 100 адам, түнгі клубтар үшін – толтырылуының 70 пайызы, ал караокелер үшін – 50 пайыз. Кәсіпкерлер істерін одан ары жалғастыруға және жұмысшы орындарын сақтап қалуға мүмкіндік бергенге алғыстарын білдірді.


Сонымен қатар олар барлық қызметкерлердің екпе алғанын, «Ashyq» бағдарламасы бойынша қызмет ететіндерін және барлық санитарлық талаптарды сақтайтындарын жеткізді.

Айта кетейік, облыс тұрғындары жүз пайыз вакцианацияланды, және қазір ревакцинация қарқынды жүргізілуде. Ревакцинациядан 142 адам өтті, 1 ақпанға дейін олардың саны 238 мыңға жетеді. Осы шаралардың бәрі науқастанудыңөсуіне жолбермеді. Өңірдегі төсек-орын қорының толтырылуы 14 пайыз.

– Бізде 1400 инфекциялық төсек-орын және 260 жансақтау орындары бар, қажет болса біз олардың санын сәйкесінше 3000-ға және 570-ке көбейте аламыз, – деді кездесу барысында облыс әкімі Даниал Ахметов. – Бірақта біздің принципті ұстанымымыз –  балаларға қауіп төндірмеу, сондықтан оқушылар, 9-11 сынып оқушыларын есептемегенде қашықтықтан оқиды, ал балалардың ойын-сауық орталықтары әзірше жабық болады.


Өңір басшысы кәсіпкерлерге 4-5 қаңтарда болған қайғылы күндері көмек көрсетіп, қолдау білдіргендеріне алғысын білдірді және әрқашан туындаған проблемаларды шешу үшін ашық диаологтар өткізуге болатынын айтып өтті.

Рекомендовать
Последние новости