Сағынтаев қапыда оқ тиіп қайтыс болғаны баланың отбасына көңіл айтты

Dalanews 14 янв. 2022 16:05 990

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев 4 жасар Айкөркем Мелдехан қайтыс болған көпбалалы отбасына барып, көңіл айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты.

Қайғылы жағдайға байланысты тәртіпсіздік барысында 4 жасар Айкөркем көз жұмды, ал оның 15 жасар әпкесі Жанель жарақатпен реанимацияда.

Бақытжан Сағынтаев Жанельдің сауығып кетуін, ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі. Отбасына материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, оларға 3 бөлмелі пәтер беріледі.

Рекомендовать
Последние новости