Түркістан облысында 2025 жылы жалға алынған пәтерлерді сатып алуға 7,7 млрд. теңге бөлінді

Ақтоты Жапатова 27 мар. 2025 14:42 653

 
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен тұрғындарды баспанамен қамту, өңірде тұрғын үйлер салу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Dalanews.kz
 
Облыс әкімі жауапты басшыларға тұрғын үй құрылысы саласын тиянақты зерделеп, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.
– Құрылыс басқармасында тұрғын үй саясатына қатысты нақты сараптама болуы керек. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сол арқылы жоспар жасалады. Баспанамен қамту – өте өзекті мәселе. Аудан, қала әкімдерінің осы бағыттағы көрсеткіштерін саралап, тиісті ұсыныстар беріңіздер. Үй салатын аймақты инфрақұрылыммен қамту, құрылысты қаржыландыруға қатысты шаралар да зерттеліп, тұрғын үйлердің құрылысы уақтылы әрі сапалы жүргізілуі тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.
Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұлдың айтуынша, 2018-2024 жылдар аралығында кезекте тұрған азаматтарға бюджет есебінен 16 925 (9308 – арендалық, 7617 – кредиттік) пәтер пайдалануға берілді. 2024 жылы 47,8 млрд теңгеге 2590 арендалық пәтер (245 үй, 170,1 мың м2) сатып алынған. Облысқа 2025 жылы 578 арендалық пәтер сатып алуға 7,7 млрд. теңге бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Рекомендовать
Последние новости