Түркістан — еліміздің біліми һәм ғылыми орталығына айналуы тиіс

Dalanews 20 нояб. 2018 11:15 999

«Иә, дәл солай. Түркістан өңірі, Түркістан қаласы — еліміздің білімі мен ғылымының орталығына айналуы тиіс деп есептеймін. Меніңше Оксфорд, Кембридж сияқты әлемдік брендке айналған оқу ордаларын мұнда да қалыптастыруға болады» дейді танымал саясаттанушы Айдос Сарым.

«TURKISTAN MEDIA» Халықаралық орталығында орналасқан «TURKISTAN» интеллектуалды клубында журналистермен кездескен белгілі саясаттанушы жаңа облыс орталығының дамуы мен болашағы туралы сөз қозғады.

Оның пікірінше, ауыл шаруашылығына бейім өңірде аграрлы салаға қажетті мамандар даярлау ісін де қолға алатын кез келді.

Айта кетсек, Түркістан облысында ауыл шаруашылығын да дамыту қажеттігін Президент те айтып өткен. Әсіресе, осы саладағы өнімдерді өңдеуге баса назар аударған жөн. Ал ең бастысы, көрші елдерге экспорт жасау керек. Осы орайда көлік-логистика жағын дамытқан маңызды. «Мәселен, біз Ташкентке барып, өз тауарымызды сататындай деңгейге жетуіміз керек. Әрине, бәсекенің болғаны дұрыс. Дегенмен, біз өз мүддемізді ойлауымыз қажет, - деген еді Елбасы.

Сондай-ақ, Айдос Сарым ойынан шығатын жобалар ұсынылса, Түркістанда жұмыс істеуге әзір екенін жасырған жоқ.


Айдос Сарым, саясаттанушы: «Диханшылыққа қажетті, мақта кластерін дамытатын мамандарды осында дайындасақ. Шетелдерден ғалымдар шақыртып, осында жастарды тәрбиелеуге атсалысса. Жастарымызды қанша ақша салып, шетелдерге жібергенше, ондағы білікті мамандарды осында шақыртқанымыз тиімді болар еді».

Рекомендовать
Последние новости