Сарыағаш ауданында «Коворкинг» орталығы ашылды

Dalanews 20 нояб. 2018 08:24 706

Сарыағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты, Сарыағаш аудандық орталық кітапханада «Коворкинг» орталығының ашылу салтанаты өтті.

Коворкинг орталығының жұмысымен Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Кульгинова Қалбибі Сейдирқызы орталықтың жұмысымен таныстыра отырып,

«Әр адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойнауға, гүл өсіріп, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік жасайтын орталық болады» деді.


Салтанатты іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Тасқұлов Смайл Әбубәкірұлына, Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жаншуақов Әбіләзім Қалтайұлына сөз берілді. Коворкинг орталығының демеушілері Ағабеков Серік Қанатұлына, Хидиров Бауыржан Жайлауұлына, Уразбаев Бағдат Қадырұлына, Омаров Нурмахан Исматовұлына үлкен алғыс білдіре отырып, Аудан әкімі атынан «Жомарт жүрек» дипломымен марапатталды.

Айта кетелік, коворкинг дегеніміз – кітапханадан арнайы бір бөлмені оқырмандарға сай етіп әзірлеу. Яғни мобильді стандарт бойынша жабдықталады.

Коворкинг орталығы кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға, гүл өсіріп, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік тудырады. Бір сөзбен айтқанда кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтын орталық болмақ. Сондықтан мұндай орталықтарды құру әрі олардың санын көбейту заман талабынан туындап отыр.

Рекомендовать
Последние новости