Түркістан ежелгі өркениеттің сақшысы болған қала

Dalanews 15 нояб. 2018 15:56 889

2018 жылғы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдаған ең іргелі саяси шешімінің бірегейі – Түркістан облысының құрылуы. Аталған шешім Мемлекет басшысының «Қазақстан 2050» стратегиясы, «Мәңгілік ел», «Нұрлы жол», «Ұлт жоспары», «Қазақстандық арманға бастайтын жол», «Бес институционалдық жобаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» сынды бағдарламаларын ары қарай тереңдетіп, жүзеге асыруда әлеует болады.

Қазақстан егемендігін алып, даму жолына түскелі бері бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп аталып, өзінің ХХ ғасырдағы тарихи атауына қайта ие болды. Жаһандық геосаясатта Қазақстан Түркістан облысын қайта құрғандығын, бұл өз кезегінде, барша түркі әлеміне үлкен қуаныш сыйлағандығы анық.

Түркістан облысының қайта құрылуы ақиқатында саяси маңызды шешім. Түркістанды қазақ халқының қаймағы бұзылмаған, жалпы, түркі әлемінің басын бір арнада тоғыстыратын орталықты жасақтап, оны өркениетті қалаға айналдыруы болашақта елді биік табыстарға жетелейтін стратегиялық жоспарлардың ең іргелісі. Атап өтерлігі, Түркістан облысының құрылуын барша түркі әлемі жылы қабылдады, аймақ қайта түлеп, тың тынысы  ашылды. Себебі Түркістан қаласының қайтадан жаңғыруы, өркениетке сай қаланың дамуы, қатар өмір сүріп отырған көршілес мемлекеттермен салтанаты келіскен қаланың пайда болуы үлкен әлеует беруде.

Түркістан бұған дейін ежелгі өркениеттің сақшысы болған қала еді, енді екінші салынған елордасы іспеттес» деген саясаттанушы Түркістанның облысқа айналуы, ал Шымкенттің республикалық маңызы бар қала статусына ие болуы – ел дамуының алғышарты.

Президент Жарлықты жариялағаннан кейін аймаққа мемлекеттік сапар жасап, бастаманы өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта аймақта саяси процестер де, әлеуметтік жағдайлар да өзгеру үстінде, мұндағы индустрияландыру жайының да үлкен саяси шешімі бар.

29 қыркүйекте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізу барысында аймақтағы халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті өркендету, ауыл шаруашылығын дамыту, көлік-логистика қызметтерінің сапасын арттыру үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

«Орталық Азия» халықаралық сауда аймағын құру мүмкіндігін қарастырған жөн. Бұл Түркістан облысымен қатар, жалпы республика экономикасының да өркендеуіне тың серпін береді. 2020 жылға қарай Өзбекстанмен арадағы тауар айналымын 5 миллиард АҚШ долларына дейін арттыруға әлеуетіміз жетеді. Осыған байланысты Үкіметке Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп, Өзбекстан тарапымен Халықаралық сауда аймағын және жаңа «Түркістан» халықаралық өткізу бекетін құру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Жомарт СИМТИКОВ, сарапшы.

 

Рекомендовать
Последние новости