«BI group» Түркістанда жаңа іскерлік орталықтың құрылысын бастап кетті

Dalanews 30 нояб. 2018 06:02 774

Түркістан облысының орталығы - Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында "іскерлік орталықтың" алғашқы құрылыс жұмыстары басталды.

Тұтынудың жаңа технологиялары қолданылатын заманауи нысанның капсуласын салған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев осынау тарихи сәттің маңыздылығына тоқталып, болашақ орталықтың жоспарымен бөлісті. Жиынға жергілікті түркістандық тұрғындар қатысып,  ақсақалдар жағы батасын берді.

"Ауданы 50 мың шаршы метрді қамтитын ғимарат 4 қабаттан тұрады. Мұнда заманауи тиімді кеңселер, су мен энергияны тиімді пайдалану жүйесі қарастырылған. Яғни, іскерлік орталық автоматтандырылған "ақылды ғимарат" қағидасымен жобаланған"


- деді облыс басшысы.

Нысанның құрылысын «BI group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражаты есебінен жүргізуді ұсынып отыр. Алғашқы іргетасы 2019 жылдың қаңтар айынан бастап қаланатын орталықтың жоспар бойынша аяқталуы 2020 жылдың наурыз айына тура келеді деп күтілуде.



Естеріңізде болса, ҚР Президентінің қатысуымен 2018 жылғы 29 қыркүйектегі өткен кеңесте Елбасы Н.Назарбаев Түркістан қаласында салынатын бірқатар нысандардың құрылысын бизнес өкілдерінің өз қаражаты есебінен жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын.

Нәтижесінде, сол кезде облыстар мен Ұлттық компаниялар, ірі құрылыс ұйымдары, бизнес өкілдері және шетелдік инвесторлар тарапынан бірқатар құрылыс нысандарын іске асыруға ұсыныстар енгізіліп, қолдау тапқан-ды. Солардың бірі бүгінгі құрылысы басталғалы отырған демеушісі «BI group» ЖШС-і болып табылатын іскерлік орталық ғимараты болғалы отыр.

Рекомендовать
Последние новости