Түлкібаста бүлдіршіндерді балабақшамен қамту ісі 97,8%-ды құрады

Dalanews 22 нояб. 2018 13:35 845

Түлкібас ауданында білім беру саласы заман талабына сай дамып, жас жеткіншектердің жан-жақты білім алуына жол ашып келеді. Бүгінде ауданда 18 мемлекеттік және жекеменшік әріптестік шеңберіндегі 26 балабақша бой көтеріп, онда 6560 бала тәрбиеленуде. Балаларды қамту көрсеткіші соңғы 10 айда 97,8%-ды  құраған.

Бүгінде аудандағы мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын басшылыққа алып, жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда Әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басуда. Соныдықтан еліміздегі ұстаздардың жаңа технологиялық дәуірде қалай жұмыс істеп, азаматтық құқықтарын қалай іске асыратына айрықша мән беріп отыр.

Сала басшылары өздері басқарып отырған білім беру мекемелердегі жаңа білім беру бағдарламасының жаңаруы аясында мұғалімдердің өз педагогикалық шеберліктерін жетілдіру және критериалды бағалау жүйесі мен оқытудың белсенді формаларын енгізу, оқушыларға негізгі адами нормалар мен моральді дағдыландыру, толеранттылыққа және басқа мәдениетті құрметтеуге көзқарасын қалыптастыру, жауапты және дені сау бала тәрбиелеуге айрықша көңіл бөліп отырғаны анық.

Соңғы 27 жылда аудандағы 27 мектеп пен 33-дан астам балабақша салынып, қыруар жұмыстар атқылығанын байқауға болады. Аудандағы оқушылар заман талабына сай электронды оқулықтар, түрлі оқу құралдармен қамтамасыз етілген. Осындай кешенді жұмыстардың арқасында ауданның білім көрсеткіші жыл сайын жоғарылап, жақсы жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости