"Нұрлы жол" бағдарламасы: биыл Түркістанда 165,1 шақырым жол жөнделді

Dalanews 19 нояб. 2018 07:00 823

Түркістан облысында биыл мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасымен 165,1 шақырым жол жалпы жөндеуден өткен. 

Оған республикалық бюджет есебінен 3 миллиард 400 миллион теңге қаржы бөлінген. Ал келер жылы өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 300 шақырымнан астам облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын жасау жоспарлануда.

О
ған еліміздің қазынасынан 7 миллиард 528 миллион теңге қаралып отыр. Қазір бағдарлама аясында облыстың бірнеше аудандарында күрделі жөндеу, орта жөндеу және жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқын алған.


Мәселен, Сайрам ауданы мен Шымкент қаласын байланыстыратын 9 шақырымдық автомобиль жолының құрылысын мердігер мекеме осы жылдың сәуір айында бастаған. Алдағы 2020 жылы толық аяқтап қолданысқа тапсыратын болады.

«Аталған жолдың ені 5 метрге ұзарған. Бұрындары мұнда қарама-қарсы бағытта екі көлік өтсе, енді 4 көлік қатар жүре алады», – дейді мамандар.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Роллан Ибрагимовтың айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама аясында жолдарға республикалық бюджеттен 3,4 миллиард теңге бөлініп, 165 шақырым автомобиль жолдарына қайта жаңарту, күрделі жөндеу, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бұл бізде бірінші кезекте облыс орталығын және де туризм нысандарына баратын жолдарды жөндеп жатырмыз. Сайрам ауданында 2 жолымыз қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр және Түлкібас ауданында Түлкібас стансасынан Т.Рысқұлов ауылына баратын жолды да жаңартып жатырмыз", – дейді ол.

Рекомендовать
Последние новости