Тоқаев шағын құрамдағы келіссөз жайында: "Өзара түсіністікке келдік"

Dalanews 27 нояб. 2019 11:07 841

Бесінші отырысқа Тоқаевпен бірге Қазақстанның бірнеше министрлері бар шағын делегация да келді.

Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ала-Арча резиденциясында өзінің әріптесі Сооронбай Жээнбековпен шағым құрамда келіссөздер өткізді. Қазақстан мен Қырғыз Республикасы Жоғары Мемлекетаралық кеңесінің бесінші отырысы басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдындағы төртінші отырыс 2014 жылы Қазақстан астанасында өткен болатын. Бұл кеңес екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғарғы органы болып табылады.


Бесінші отырысқа Тоқаевпен бірге Қазақстанның бірнеше министрлері бар шағын делегация да келді.
- Біздің отырыстың күнтәртібі ауқымды және қазақ-қырғыз ынтымақтастығының өте өзекті мәселелерін қамтиды. Бірақ, негізінен, біз басты мәселелерді шағын құрамда талқылап кеттік, арадағы бар мәселелерді қалай және қашан шешу бойынша толықтай өзара түсіністікке келдік. Біз кеңейтілген құрамда өзара тиімді және ымыраға келетін шешімдер қабылдайтынымызға сенімдімін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиынның соңында қос Президент баспасөз алдында бірқатар бірлескен құжаттарға қол қою үшін шығады деп күтілуде.

Рекомендовать
Последние новости