Экс-президент 17 жылға сотталып кетті

Dalanews 28 нояб. 2019 06:04 962

Лула да Силва заңсыз жолмен тапқан ақшасына Сан-Паулу штатындағы Атибая муниципалитетінен үй мен жер алып, жақындарының атына жазғызған.


Бразилияның бұрынғы президенті 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Globo телеарнасына сілтеме жасап.

Бразилия төртінші округінің федералдық өңірлік соты сыбайлас жемқорлық және ақша жымқыру ісі бойынша сотталған елдің бұрынғы президенті Луис Инасиу Лула да Силваның апелляциясын кері қайтарып, оның түрмеге жабылу мерзімін 17 жыл, бір ай он күнге ұзартты.
Тергеу нұсқасы бойынша Лула да Силва заңсыз жолмен тапқан ақшасына Сан-Паулу штатындағы Атибая муниципалитетінен үй мен жер алып, жақындарының атына жазғызған.

Лула да Силва 2003-2011 жылдар аралығында Бразилияны басқарды. 2016 жылы ол Petrobras ісі бойынша айыпталып, 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ Лула да Силва апелляция құқығын пайдаланып, 2018 жылдың сәуіріне дейін бостандықта жүрді.

Силва өзіне тағылған айыптаудың бірде-бірі мойындаған жоқ.

Кейін сот қамауда ұстау мерзімін сегіз жыл он айға қысқартып, оны түрмеге жапты. 9 қарашада экс-президент бостандыққа шығып, тағы да саясатпен айналысатынын мәлімдеген болатын.

Рекомендовать
Последние новости