Тоқаев: "Дәрігерлер? Олар 500 мың теңге айлық алуы керек"

Dalanews 27 мая 2020 09:24 1052

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлердің жалақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемнің денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды. Бұл індет біздің елімізде кәсіби дәрігерлердің жетіспейтіндігін анықтады. Бұл - жалақының төмендігі, осы кәсіптің беделінің төмендігі және дәрігерлер құқықтарының сақталмауы", - деді Мемлекет басшысы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінде.

Президент биылғы жылы дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен өсіруді қолға алуды тапсырды.

"Олардың жалақысы біздің экономикамыздағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болуы керек. Біз бұл көрсеткіштерді 2023 жылға дейін игеріп аяқтауымыз керек", - деді Тоқаев.


Премьер Маминнің мәліметінше 2020 жылдың қаңтарына сай Қазақстандағы орташа жалағы 197 мың теңгені құрайды.

Рекомендовать
Последние новости