Біртанов: "Коронавирус жұқтырған 58 науқас ауыр халде жатыр"

Dalanews 27 мая 2020 09:59 902

Коронавирус жұқтырған 58 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Өздеріңізге мәлім, кеше коронавирус жағдайына байланысты Үкіметте ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жалпы, қазіргі күні елімізде коронавирус жұқтырып алған 9 300-ден астам адам тіркелді. Олардың арасында 50 пайызы, яғни 4 600-ден астам науқас жазылып, ауруханадан шықты. Өкінішке қарай, 37 науқас қайтыс болды", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта 4 653 науқас ем алып жатыр. Олардың арасында 355 бала бар.


"Сонымен қатар осы науқастардың 85 пайызының жағдайы жеңіл деңгейде деп айтуға болады. Көп науқас симптомсыз тіркелген. Бірақ, 13 пайыз немесе 543 науқастың жағдайы орташа, 1,5 немесе 58 науқастың жағдайы ауыр. Олардың ішінде 19 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді Елжан Біртанов.

Рекомендовать
Последние новости