ТЖД Алматы облысы мен Алматы қаласының тұрғындарына ескерту жасады

Сағыныш Сардарова 13 июн. 2024 10:12 3141

ТЖД Алматы облысы мен Алматы қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазгидромет ескертуі негізінде 13 маусымда сағат 8.00-ден сағат 20.00-ге дейін Алматы облысы мен Алматы қаласының таулы аудандарында күндіз қатты жаңбыр жауады.

Алматы облысының ТЖД өкілдері азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

"Сіздің аймағыңыздағы ескертулер және басқа да шұғыл ақпарат туралы жедел ақпарат алу үшін "Дармен" тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз", - деп жазылған ведомство хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости