"Тәуелсіздік құрдастары". ШҚО-да абақтыда отырған азаматтар домбыра мен астау жасады

Dalanews 17 дек. 2021 16:17 684

Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан азаматтар ел Егемендігінің 30 жылдық мерейтойына арнап домбыра мен астау жасап шықты.

ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) баспасөз қызметінің мәліметіне бойынша, ОВ 156/6 және ОВ 156/20 түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан тәуелсіздік құрдастары домбыра мен астау жасап шығарды.

Онда «Тәуелсіздікке 30 жыл» деп жазылған.

«ОВ 156/20 колониясында сотталған азамат астауды жергілікті мұражайға сыйға тартты. Ал ОВ 156/6 мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылған ер адам өз қолымен жасаған қазақтың ұлттық аспабын сол мекемеде сабақ берген ұстазы Ақтау Бексолтановқа сыйға тартты. Сотталған түрмеге түскен кезде мектепті аяқтамаған болатын. Сондықтан ол мекеменің кешкі мектебіне 8 сыныптан бастап оқуға қабылданып, білім алды», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Салтанат Ожиканова.

ШҚО колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай түрлі іс-шаралар өткізілуде. Бас бостандығынан айырылғандар мерекеге арнап қабырға газеттерін жасап, спорттық сайыстарға қатысуда.

 

Рекомендовать
Последние новости