Танымал журналист Азат Рыстанбек өмірден өтті

Асель Қайратқызы 03 нояб. 2025 10:04

Белгілі қазақстандық тележурналист Азат Рыстанбек өмірден өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бірнеше деректі фильмдер мен қызықты репортаждар әзірлеп, озық ой, ерекше дарын иесі ретінде ел есінде қалған журналист жексенбі күні 2 қарашада қайтыс болды. 

Азат Рыстанбек отандық телевизияның дамуына елеулі үлес қосты, тарихи сананы және ұлттық жадыны жаңғыртуға бағытталған жобалардың авторы болды.

Соңғы жылдары ол «Хабар» агенттігінде бағдарлама өндірісі бөлімінің шеф-редакторы болып жұмыс істеді, медиа холдингтің 30 жылдығына орай өмірден өткен әріптестеріне арналған деректі фильм дайындаған.


Рекомендовать
Последние новости