Құны - 1,2 млрд теңге: Қостанайда мемлекет меншігіне ірі жер учаскесі қайтарылды

Сағыныш Сардарова 31 окт. 2025 12:52

Қостанайда мемлекет меншігіне ірі жер учаскесі қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қостанайда қала прокуратурасы "АБЗ плюс" ЖШС жалға алған, кадастрлық құны 1,2 миллиард теңге болатын 57 гектарға жуық жер учаскесін мемлекеттік меншікке қайтарды.

"Бұл жер учаскесі коммерциялық аймақ нысандарына қызмет көрсету үшін берілген болатын. Алайда жүргізілген талдау барысында жерді беру кезінде бірқатар өрескел заңбұзушылық анықталды. Прокуратура жер учаскесі міндетті аукцион өткізбестен берілгенін, сондай-ақ, санитарлық-қорғау нормалары бұзылғанын анықтады", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, жер нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны белгілі болды.   


Рекомендовать
Последние новости