Ресейден келген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан күдікті шетелде жасырынып жүрген

Көркем Алдабергенова 31 окт. 2025 09:41

Ресей Федерациясынан жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың сыбайласы экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Күдікті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ-ның маманы бола тұра, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 2022-2023 жылдар аралығында автокөлік иелерін іздеп тауып, алғашқы тіркеу алымдары бойынша төлемдер туралы көрінеу жалған мәліметтерді ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы олардың көлік құралдарын заңсыз тіркеген.

Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде 481 көлік құралы заңсыз есепке қойылып, бюджетке міндетті төлемдердің түспеуі түрінде 3,7 млрд теңгеге аса ірі мөлшердегі мемлекетке залал келтірілген.

Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Биыл наурыз айында ол Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық заңнамаға сәйкес оған тағылған айып бойынша мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


Рекомендовать
Последние новости