Талғар әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Талғар қаласының әкімі Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды.
Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталуда.
Айта кетсек, 4 қазанда түнде Талғарда 16 жастағы жасөспірім аса қатыгездікпен өлтірілді. Қайғылы оқиға болған күні Шерзат Болат дүкенде жұмыс істейтін әкесіне көмектескен. Сол күні агрессивті тұтынушы салдарынан төбелес басталып,ақыры қанды оқиғамен аяқталған.
Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі таңда кінәлі деп танылған 7 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен кейін қанша қару тәркіленгенін айтты.
Одан кейін Шерзаттың үйіне күзет қойылды.
Көп ұзамай марқұм Шерзаттың үйі өртенді.