Талғардағы трагедия: Қаланы Ұлттық гвардияшылар күзетеді

Қаракөз Амантай 14 қаз. 2024 09:05 4665

13 қазанда ІІМ ұлттық ұланның баспасөз қызметі Талғар қаласы бақылауда екенін мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазіргі уақытта Алматы облысының Талғар қаласында ішкі істер министрлігі ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы қоғамдық тәртіпті қорғау үшін патрульдік қызметті атқаруға тартылды Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осы жағдайдан кейін төбелес басталған.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда кінәлі деп танылған 7 адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар