Алматыда ірі компанияның директоры өлі табылды

Көркем Алдабергенова 11 окт. 2024 09:17 6168

Алматы облысында Lenovo компаниясының GR директоры Ермек Жақыпжановтың денесі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz

9 қазанда Ермек Жақыпжанов Алматы қаласындағы үйінен өзінің қарасұр түсті Hyundai Genesis көлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жақыпжанов Lenovo компаниясында 1,5 жыл бойы GR директоры (мемлекеттік мекемелермен байланыс жөніндегі маман) қызметін атқарған.

Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Полицияның мәліметінше, 24 жастағы күдікті ұсталған.

Қазір қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости