Талдықорғанда татарлардың «Чак – Чак Байрам» мерекесі өтті

Dalanews 26 окт. 2020 06:33 1033

«Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығы» КММ қолдауымен Талдықорған қаласы күні аясында үздік чак-чак байқауының финалдық кезеңі өтті. Іс-шараны «Туған тел» облыстық татар мәдени орталығы, «FortunaFood» ЖШС, «Руна» ЖК ұйымдастырды.

Байқау «Ерекше безендіру», «Қызықты рецептура» және «Қала күніне арналған Чак-чак» деген үш номинация бойынша өтті. Конкурсқа барлығы 17 өтінім келіп түскенімен, оның жетеуі ғана іріктеу турына жолдама алды. Аталған іс-шараға қазақ, татар, орыс, өзбек, шешен және украин этнос өкілдері қатысты.

Көркемөнерлік өнерпаздықтың жарқылдаған көркем нөмірлері, татар ұлттық ас үйінің аспаздық тағамдарының шеберлері, іс-шараға жиналғандардың мерекелік көңіл-күйлері және түрлі ұлт өкілдерінің рухани бірліктерінің бір екпіндегі рухтарының биікке шарықтау сезімі – ол шын мәнінде ұлы бақыт болды десек артық айтқандық болмас.

Жетісудағы татар мәдени орталығының өкілдері «Чак – Чак Байрам» мерекесін бірнеше жылдан бері тойлап келеді.

Шығыстың ең сүйікті тәттісі, татар ұлттық аспаздық шебері чак-чактың айтып жеткізуге болмайтын аңқыған иісі Егеменді Қазақстан атауындағы бір шаңырақ астында бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүретін түрлі ұлт өкілдеріне экзотикалық гүлдер мен балдың иісін, Шығыстың бар күші мен құдыретін сезінуге мүмкіндік берді.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде мен «Руна» ЖК-тен 50 000 теңге сертификатты Яушева Каусария жеңіп алса, бірінші орын мен 20 000 теңгенің сертификаты Самабекова Маралға бұйырды.

Байқау соңында қонақтарға чак-чак пен басқа да татар тәттілері ұсынылды.

Рекомендовать
Последние новости