Талдықорғанда газ қалай тартылуда?

Dalanews 11 июн. 2020 12:39 943

Талдықорған қаласындағы газ тарату жүйесі құрылысының жобасы IV кезеңге бөлінген, 54 мың абонентті қамтиды. Жобада 22 қосу кешені, 926 шақырымды құрайтын түрлі қысымдағы газ құбыры, 251 газ реттегіш блокты және шкафты пункт, 16,2 мың  бірлік шкафты пункт бар, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қаланы газдандыру жобаларының барлығы тиісті нормалар мен талаптарға сәйкес дайындалған, дегенмен газ құбырын жүргізу мәселесінде азаматтарда көптеген сұрақтар туындап жатады. Осы материалда мамандар ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді.

Көп пәтерлі үйлерге тартылатын газ құбырының диаметрі де өзекті саналады.

Мамандардың айтуынша, балалар мекемесінің, ауруханалар мен мектептердің, санаторилердің, түрлі қоғамдық, әкімшілік ғимараттардың, халық көп жиналатын  тұрмыстық ғимараттардың қабырғалары мен шатырларына барлық қысымдағы газ құбырларын транзиттік төсеуге жол берілмейді.

Атап өтсек, 2016 жылдан 2020 жылға дейін Талдықорғанда 1-ден 19-ға дейін іске қосу кешендері салынып іске қосылды, газға қосылуға 51,2 мың абонент мүмкіндік алды, бүгінгі күнге соның ішінде 11,0 мыңнан астам абонент газға қосалды. Облыс орталығын газдандыру жалғасуда, 20 іске қосу кешенінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Барлық құрылыс-монтаж жұмастарын тиісті жұмыстарды атқаруға арналған лицензиясы бар мердігер ұйымдар жүзеге асыруда.

Бұл ұйымдар әлеуметтік жеткізушіден талап етілетін біліктілік талаптарының негізінде мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсы арқылы анықталған. Жұмыстар дайындалған жобаға сәйкес жүргізіледі, авторлық, техникалық қадағалаулар негізінде бақыланады. Газ жүйесіне қызмет көрсету және оны іске қосу мақсатында 2014 жылы облыс әкімдігі мен  «ҚазТрансГаз» АҚ арасында меморандум жасалған, соған сәйкес «ҚазТрансГаз-Аймақ» ЖтПФ 136 білікті қызметкерін тарта отырып, апаттық қызмет құрған.

Рекомендовать
Последние новости