Тәжікстанға тауар экспорттауда Алматы облысы алдыңғы шепте тұр

Dalanews 22 авг. 2024 14:14 3117

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға мемлекет сапары басталды. Душанбе әуежайынан Қазақстан президентін Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон күтіп алды. Екі ел арасындағы өзара тауар айналымы кейінгі жылдары 1 млрд доллардан асқан. Енді алдағы уақытта оны екі есе арттыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта Қазақстан мен Тәжікстан 2025-2027 жылдары өзара тауар айналымын арттыруға арналған жол картасына қол қоймақ.

Қазіргі таңда Қазақстаннан көрші елге бидай, табиғи газ, алюминий оксидтері мен гидроксидтері, бидай ұны, арпа, макарон өнімдері, цианидтер және т. б. экспортталады. Ал Тәжікстаннан бізге мыс, мырыш және қорғасын кендері мен концентраттары, кептірілген жемістер, жаңғақтар немесе кептірілген жемістер қоспалары, жүзім, пияз, сарымсақ, минерал және газдалған суды қоса алғанда, су, өрік, шие, шие, шабдалы, қара өрік импортталады. Біз Тәжікстанның сауда серіктестерінің үздік бестігіндеміз әрі негізгі инвесторлардың біріміз.

Шикізат емес, дайын өнімдерді экспорттауда Алматы облысының маңызы ерекше. Өйткені Алматы облысының Тәжікстанмен тауар айналымындағы экспорт үлесі — 99 пайыз. Бұл дегеніміз аймаққа көрші елден ештеңе импортталмайды деген сөз. Бірақ тәжіктерге 2024 жылдың басынан бері 25 млн долларға дайын өнім сатқан. Оның ішінде макарон өнімдері, тез дайындалатын лапша, сұйық май, балмұздақ бар. Біле білсеңіз, әлемдік алпауыт компаниялар кейінгі кездері Алматы облысынан зауыттарын ашып жатыр. Олардың қатарында Danon, Lays, Mareven, Phillip Morris, Britich Tobacco, RG, JTI және Knauf сынды белгілі брендтер бар. Демек, облыстың орналасқан жері өте тиімді. Міне, сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып отыр. Ірі зауыттар ашылып, жұмыс істегендіктен, енді облыс өнімдерін Орталық Азия, Таяу Шығыс елдеріне экспорттайды деген сөз. Одан қала берді Шин-лайн, Alinex, Galanz сияқты отандық брендтер де облыста бекем орналасып алған. Айтпақшы, Ресейден кеткен Lays қазір Іле ауданында зауыт салып жатыр. Бұл да мол мүмкіндік әкелуге тиіс. 


Рекомендовать
Последние новости