Қазақстандықтардың Қытайға деген қарым-қатынасы өзгерген - cаясаттанушы

Қаракөз Амантай 19 авг. 2024 15:05 1757

Саясаттанушы Дина Әйкенова Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысқа саяси көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Дружба выпусников Вузов КНР" Youtube арнасына берген сұқбатында ол екі елдің қазіргі жағдайына тоқталды.

"Қытай ұзақ жылдар бойы ешкіммен жақын қарым-қатынас ұстанбады. Яғни,  оқшауланған мемлекет болды. Мысалы, Қазақстанмен салыстыратын болсақ, мына белгілерді байқаймыз. Пандемия кезінде Қытай екінші немесе әлемдегі бірінші экономика ма деген ой болды. Бұл процесс экономикалық өсімге қатты әсер етті. Бұл жерде экономикалық жағдайды қоса алғанда, Қытайдың әртүрлі деңгейде жұмыс істейтініне көз жеткізуге болады. Сонымен қатар олар белгілі бір массамен де жұмыс істегенін байқаймыз.

Мәселен, көшедігі көліктердің басым бөлігі Қытайдан өндіріліп жатқанын білеміз. Оларға қатысты осындай мысалдарды және "бір пойыз, бір бағыт" инвестициялық жобаларын атап өтуге болады. Бұл арқылы біз Қытайдың өзгеріп жатқанын әрі қазақстандықтардың бірінші кезекте қытайларға деген экономикалық ойы өзгергенін айта аламыз. Қазіргі таңда халқымыздың қытайлардың өніміне оң көзқарасы қалыптасқан. Мысалы, Қытай көліктері – қазақстандықтар үшін қолжетімді", - дейді саясаттанушы.

Соңғы 5 жылда Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыс айтарлықтай жақсарған. Бұл ойды Әйкенова жоққа шығармады.

"Пандемия кезінде шекараның жабылуына байланысты нарық ақсады. Осы кезде Ресей мен Қытайдан келетін өнімдер қарқыны тоқтап қалды. Соңғы екі жылда президентіміздің басқа мемлекеттерге жасаған шамамен 15-20 іс-сапары және басқа мемлекет басшыларының біздің елімізге сапары бұл мәселені ретке келтірді. Осылайша өзге елдер Орталық Азия мемлекеттерінің шеңберіндегі мемлекеттермен тығыз байланыс орнатқысы келді. Оның ішінде Қазақстан да болды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысқа келетін болсақ, мұнда саяси тұрғыдан қарым-қатынас жақсара түсті. Егер қытайлардан "екі ел мұндай деңгейге қалай жетті?" деп сұрайтын болса, онда қытай сарапшылары бірінші кезекте еліміздің олардың жеке басына қатысты көрсеткен дұрыс қарым-қатынасын атап айтар еді. Осыған байланысты екі ел арасында сапалы байланыс орнады", - деді ол.

Осы тұста ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл ұстанымы әрі Қытайдан бөлек басқа мемлекеттермен де сәтті келіссөз жүргізе алуы саяси иммиджге үлкен өзгеріс әкеліп жатқанын атап өтті.

"Бір жағынан алып қарайтын болсақ, осы жылы Қазақстанның басшылығымен ШЫҰ өтті. Бұның артында үлкен мағына жатыр. Атап айтатын болсам, мемлекет басшысы орта дәрежедегі мемлекеттердің дауысы халықаралық деңгейде шыққанын қалады деп ойлаймын", - деді саясаттанушы.


Рекомендовать
Последние новости