"Табылса, бастарын жарамын!" Халық әртісі Мақпал Жүнісова алаяқтарға тап болды

Сағыныш Сардарова 05 мар. 2024 17:09 3852

Алаяқтар халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың WhatsApp-нөмірін бұзып, оның атынан жалған сілтеме тарата бастаған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Құрметті, халайық! Менің оқырмандарым, ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Дауыс бер деді, дауыс беріп едім, телефоным істемей қалды. Ақша қағып алған. Сұмдық қой. Мынадайларды табу керек қой. Соттасып жүруге де уақыт жоқ. Маған дауыс керек болса айтамын ғой.

Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтындай конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Алаяқтар табылсаңдар, бастарыңды жарамын!" – деді халық әртісі. 

Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева да алаяқтың құрбаны болды.

2023 жылы 20 желтоқсанда сотта С.Бекқайыровқа қатысты ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл жайсыз оқиға 2013 жылы бастау алған.

2017 жылы Бекқайыров таныстары арқылы Роза Рымбаева 400 мың долларға пәтерін сатып жатқанын біледі. Алаяқ өнер иесіне хабарласып, кездесу ұйымдастырған.

"Кездесу барысында ол пәтерді сатуға көндіреді. Бірақ ақшасын кейінірек беретінін айтады. Нотариуспен сатып алу-сату шартын жасасқан Бекқайыров Рымбаеваға 195 мың доллар табыстайды. Алайда қалған қаражатын қайтармайды. Осылайша алаяқ Рымбаеваға 69 427 350 теңге материалдық шығын келтірген", - деп жазылған еді мәліметте. 


Рекомендовать
Последние новости