Жер сілкінісінен қорқып, кетіп қалған алматылықтарға үйіне қайтуға болады

Көркем Алдабергенова 04 мар. 2024 15:45 2247

Алматыда жер сілкінісінен қорқып, сыртқа шығып немесе басқа жаққа кетіп қалған тұрғындарға үйіне оралуына болады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады. 

"Кезектен тыс отырыстың қорытындысы бойынша Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының (бұдан әрі-комиссия) сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы алдағы күндері Алматы болжамды полигонының аумағында 70%-ға жуық күшті жойқын жер сілкінісі күтілмейтінін, алайда елеулі қауіп төндірмейтін қайталама дүмпулер болуы мүмкін екенін айтты.

Жоғарыда аталған комиссияның шешімі негізінде ТЖД тұрғындардың тұрғылықты жеріне оралуына болады деп санайды", - делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, бүгін сағат 11.22-де Алматыда қатты жер сілкінісі болды. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2.
MPV магнитудасы 6.1.
Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б.
Тереңдігі 10 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл


Рекомендовать
Последние новости