Судьялар Созақта бас қосты

Dalanews 20 окт. 2018 08:08 995

Созақ аудандық сотында Түркістан облыстық сотының төрағасы Т.Баратбеков бекіткен оқу орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Түркістан облыстық сотының судьялары, Бәйдібек, Отырар, Түркістан, Кентау, Созақ аудандық соттарының төрағалары мен судьялары, сот ардагерлері, адвокаттар, медиаторлар, БАҚ және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында аудандық соттың төрағасы Н.Б.Шетенов кіріспе сөз сөйлеп, судья Б.Л.Сагинтаев, жеке сот орындаушылар: Н.Дилдабеков, Н.Кенжеқараев «Талап қоюды қамтамасыз ету» тақырыптарында өз баяндамаларын жасады.

Сондай-ақ, іс-шараға жиналған қатысушылар өзара талап қоюды қамтамасыз ету шараларын талқылады.

Сонымен қатар, Түркістан облыстық сотының судья әдебі жөніндегі комиссия төрағасы С.А.Дзюлиев Қазақстан Республикасының Судьялық әдеп кодексінің ережелерін үнемі бақылауда ұстау, кез келген сырттан келген ықпал етулерге жол бермеу, сот процесіне тікелей немесе жанама араласуға қарсы тұру, сот отырысын жүргізудің жоғарғы мәдениетін қамтамасыз ету керектігін айтып өтті.

Жиын соңы облыстық сот судьялары К.Ж.Жаппасова мен С.А.Дзюлиев қорытынды сөздерімен аяқталды.

 

Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ

Рекомендовать
Последние новости