Созақ ауданы шаруалары жұмысын қортындылады

Dalanews 19 окт. 2018 08:04 943

Бүгін Созақ ауданының «Даңқ» саябағында «Алтын күз» ауыл шаруашылығы саласының қорытынды жиыны өтті. Оның аясында арзан бағада азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі, асыл тұқымды мал басының көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, үздік өнім алған шаруа қожалықтарымен ауыл окуг әкімдіктері, үздік ауыл шаруашылық мамандары марапатталды.

Мерекелік шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Салыхан Полатов:

– Өндіріспен қатар ауыл шаруашылығы саласы қашанда аудандағы ең маңызды сала болып қала бермек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту деп атап көрсетті. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алдында өнім көлемін арттыру секілді үлкен міндет тұр. Оған елдің бірлігі, халықтың ынтымағы және көпшіліктің қажырлы қызметінің арқасында жететін боламыз, – деп барша аудан тұрғындарын берекелі де, мерекелі «Алтын күз» мерекесімен құттықтап, үздік ауыл округтерімен, шаруа қожалықтарын марапаттады.

Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Еспенбетов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарға алғыс хат табыс етті.

Жалпы Теріскейлік шаруалар ауданның 90 жылдық мерейтойына орай, жиын терім маусымын жоғары аяқтады деуге толық негіз бар.

Мәселен, биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 9 млрд 207,5 млн теңге болып, яғни өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 856,2 млн теңгеге артып, 110,2 пайыз артық орындалды. Нақты көлем индексі 102,4 пайыз құрады.

Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына 20 млн т инвестиция тартылды. Бұл өткен жылғыдан 11 млн 648 мың теңгеге артық.

Жиын соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қойған концерттік бағдарламасына ұласты.


Рекомендовать
Последние новости