СҚО-дағы су тасқыны: Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатыр

Ақтоты Жапатова 25 апр. 2025 17:22 635

Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кызылжар ауданының Тепличное ауылында алдын ала эвакуация жүргізу туралы шешім қабылданды,– деп хабарлайды Dalanews.kz

Эвакуация 25 сәуір күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Көлікпен тасымалдауға мұқтаж тұрғындар үшін арнайы көлік және жедел жәрдем қызметтері ұйымдастырылады. Қосымша ақпарат алу үшін 87153821201 нөміріне хабарласуыңызға болады. 

Уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункттер алдын ала дайындалды:  Бескөл ауылындағы №2 орта мектеп пен Петропавлдағы Жұмабаев көшесі, 142 мекенжайындағы жатақхана.

Оқиға орнында ТЖ қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да жедел қызметтер жұмыс істеуде. Барша тұрғындарды сабыр сақтап, жедел қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтауға шақырамыз. Тепличное ауылындағы бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда.


Рекомендовать
Последние новости