Сотүстік Қазақстанда түзеу мекемесінің басшысы ұсталды

Қаракөз Амантай 27 февр. 2026 13:29

Солтүстік Қазақстан облысында түзеу мекемесінің басшысы ұсталды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Істің өзге жай-жапсары әзірге жария етілмеді.

Ал әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге қарағанда, мекеме басшысы пара алды деген күдікке ілінген.

Құзырлы орган тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат кейінірек хабарланатынын мәлімдеді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove